Қоғамдық-гуманитарлық саладағы нормативтік терминдер: құрылымдық-модельдік аспект

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519931
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу ұлттық ғылым тілін, нормативтік құжаттар, іс-қағаздар т.б. тілін жетілдіруді көздейді. Жұмыста қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері (түгендеу, жүйелеу, реттеу т.б.) басшылыққа алынып, Мемлекеттік тілді дамыту жолында кездесіп отырған қиыншылықтардың бірі – терминологиялық жүйесіздік пен терминологиялық жұмыстардың практикалық жетімсіздігін толықтыру мақсатында бекітілген терминдер, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша қалыптастырылған терминжүйелердің синхронды жағдайы толық айқындалды. 1971-2014 жылдар аралығында бекітілген қоғамдық ғылымдар терминдерінің саны мен көлемі нақтыланып, оларға түгендеу және талдау жұмыстары жүргізілді. Бекітілген терминологияның құрылымдық параметрлерімен көрсеткіштеріне жүгіну кішітілдерде орын алған проблемаларды анықтауды көздейді және терминжасам ісімен айналысатын мамандарға, аудармашыларға аталған қиындықтарды шешудің ықтимал жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Терминологияның құрылымдық ерекшеліктерін қарастырғанда, біз ең алдымен формаға назар аударамыз, яғни терминологиялық бірліктің морфологиялық құрылымына. Осы критерий бойынша арнаулы лексикалық бірліктерді бірнеше құрылымдарға жіктеп көрсеттік. Терминологияны ретке келтірудің аса маңызды міндеті – термин құрылымын анықтау болып табылады және оның қолданыс аясын айқындауды көздейді. Себебі бұл белгілі бір арнаулы білім саласы аясында терминнің сол жүйеге сай басым үлгі бойынша жасалуымен тығыз байланысты. Түйін сөздер: терминологиялық қор, терминологиялық бірлік, терминжүйе, реттеу, түгендеу.