Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйелдер бейнесінің типологиясы және ұлттық болмыс

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199314
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада көрнекті қаламгер Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйел кейіпкерлер бейнесінің типологиясы ұлттық болмыс және интермәтін тұрғысынан талданады. Зерттеудің басты мақсаты – автор туындыларындағы әйел образдарының типологиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың ұлттық болмысты бейнелеудегі рөлін ашып көрсету. Әдебиеттегі әйел бейнесі ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтарды жеткізудің маңызды құралы болып саналады. Қазақ прозасында әйел кейіпкерлер арқылы халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын, рухани мұрасын, сондай-ақ заман талабына сай жаңарған ұлттық сананы көрсету – қазіргі әдебиеттануда өзекті бағыттың бірі. С. Шаймерденовтің «Мезгіл», «Қарғаш», «Мәжнүн тал», «Инеш» сияқты көрнекті шығармаларындағы Бибігүл, Қарғаш, Әспет, Инеш бейнелері зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Зерттеу барысында контент-талдау, интермәтіндік, типологиялық және лингвокогнитивтік талдау әдістері қолданылды. Жазушының ұлттық болмысты суреттеудегі көркемдік тәсілдері, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен рухани әлемі жан-жақты зерделенді. Сондай-ақ С. Шаймерденов кейіпкерлерінің өзге әдеби туындылардағы ұқсас бейнелермен үндестігі (интермәтіндік байланыстары) қарастырылды. Нәтижесінде Шаймерденов прозасындағы әйелдер бейнесінің қазақ әдебиетіндегі айрықша типологиялық орны мен олардың ұлттық танымды қалыптастырудағы маңызы анықталды. Әр кейіпкер белгілі бір ұлттық құндылықтың көркем символы болып танылып, олардың бойындағы аналық мейірім, адалдық, адамгершілік сипаттар ұлттық руханиятпен сабақтастықта екені көрсетілді. Зерттеу қорытындылары қазақ әдебиетіндегі әйел образдарының көркемдік табиғатын тереңірек түсінуге және ұлттық болмыс мәселелерін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: Сафуан Шаймерденов, әйелдер бейнесі, типология, ұлттық болмыс, интермәтін, кейіпкер психологиясы, лингвостилистикалық талдау, когнитивтік талдау.