Tүркі тілдерінің синтаксистік белгіленім тәжірибесі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519932
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада түркі тілдерінің синтаксистік құрылымын формалды грамматика тұрғысынан және заманауи аннотациялық модельдер негізінде сипаттаудың тәжірибесі қарастырылады. Синтаксистік аннотация тілдің грамматикалық жүйесін формалды түрде сипаттайтын және оны автоматты өңдеуге мүмкіндік беретін маңызды құрал ретінде танылады. Зерттеу барысында «Universal Dependencies» (UD), «MaTT» (Multilingual Aligned Treebank of Turkic) және «Kazakh Dependency Treebank» (KazDT) сияқты жобаларға сүйеніп, түркі тілдеріне тән морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктер сипатталды. Синтаксистік белгіленім модельдері: «құрамдық», «аралас», «басыңқы-бағыныңқылық грамматикасы» т.б. тәсілдердің сипаты, ерекшеліктері, түркі тілдері үшін ұтымды тұстары мен кемшіліктері сараланды. Нәтижесінде басыңқы-бағыныңқы қатынастар грамматикасы негізінде жасалған синтаксистік аннотация моделі түркі тілінің құрылымын тиімді сипаттауға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Басыңқы-бағыныңқы грамматикасының (басыңқы-бағыныңқы қатынастар) теориялық негіздері, синтаксистік аннотацияның форматы мен стандарттары сараланды. Түркі тілдерінің жалғамалы табиғаты мен еркін сөз тәртібінің «UD» сияқты әмбебап жобаларға бейімделуі талдауға түсті. Сонымен қатар, қазақ тілінің аннотацияланған корпустарын жетілдіру, автоматты парсинг, тілдік білім беру жүйесіне енгізу секілді болашақтағы бағыттары көрсетілді. Мақала түркі тілдерінің синтаксистік белгіленім тәжірибесі негізінде қазақ тілін цифрлық кеңістікке енгізудің маңызды қадамдарының бірі ретінде синтаксистік аннотацияны ғылыми тұрғыда негіздеуді мақсат етті. Түйін сөздер: түркі тілдері, синтаксистік аннотация, басыңқы-бағыныңқы грамматикасы, «UD» , KazDT, формалды модельдер, парсинг.