«Яш Түркістан» журналының тілдік, стильдік және дискурстық ерекшеліктері

Herald of journalism, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202577310
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала ХХ ғасырдың алғашқы жартысында эмиграцияда жарық көрген «Яш Түркістан» журналының тілдік, публицистикалық және идеологиялық ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеуге арналған. 1929-1939 жылдары Мұстафа Шоқайдың редакторлығымен Берлинде шыққан басылым кеңестік биліктің отаршылдық саясатына қарсы балама дискурс қалыптастырып, Түркістан халқының ұлттық бірегейлігін сақтауға және тәуелсіздік идеясын насихаттауға қызмет етті. Зерттеудің басты мақсаты – журналдың лексикалық, грамматикалық және стильдік құрылымын талдау арқылы оның ұлттық сана қалыптастырудағы рөлін айқындау және саяси-коммуникативтік тетіктерін анықтау. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы түркі халықтарының ХХ ғасыр басындағы ақпараттық күресінің әдістерін ашып, қазіргі ақпараттық қауіпсіздік пен идеологиялық стратегияларды түсінуге үлес қосуымен айқындалады. Зерттеу барысында тарихи-филологиялық, дискурсивті, лингвостилистикалық, салыстырмалы және мазмұндық-талдау әдістері қолданылып, журналдың лексикалық қабаттары (шағатай, түркі тілдері, араб-парсы, османлы және батыстық терминдер), грамматикалық құрылымы (көне түркілік формалар, морфологиялық ықпалдастық), синтаксистік үлгілері (күрделі құрмалас сөйлемдер мен публицистикалық ықшам құрылымдар) және риторикалық тәсілдері (үндеулер, метафоралар, полемикалық әдістер) жүйелі түрде талданды. Зерттеу нәтижелері «Яш Түркістанның» ұлттық сана мен тарихи жадты сақтау құралы болғанын, сондай-ақ эмиграциялық баспасөздің саяси күрес алаңы ретіндегі қызметін көрсетті. Басылым кеңестік ассимиляциялық саясатқа қарсы тұрып, түркі халықтарының мәдени-тілдік тұтастығын нығайтуға, ұлттық идеяны жандандыруға ықпал етті. Жұмыстың құндылығы – түркі эмиграциялық журналистикасын жаңа қырынан танытып, публицистикалық дискурстың эволюциясын айқындауында. Ал тәжірибелік маңызы – тарихи тәжірибені қазіргі ақпараттық соғыстар мен ұлттық бірегейлік мәселелерін талдауда қолдану мүмкіндігінен көрінеді.