ШӘКӘРІМ ҚАЖЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫ (ЖАЗБА ЖӘНЕ ЕСТЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.028
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада зерттеу нысаны ретінде Шәкәрім қажының өскен ортасы, туыстары жайлы деректер мен естелік материалдар қарастырылды. ХХғ. басындағы қазақ қоғамындағы қиын-қыстау кезеңдерде Шәкәрім қажы шығармашылықпен ғана емес, қоғамдағы мәселелерге де араласып, тарих, дін, фәлсәфә, шежіре сияқты салаларда қалам тербеткен. Оның жинаған мол мұрасы, кітаптары мен философиялық ойлары ХХғ. басындағы зиялы қауымға рухани азық болды. Шәкәрімнің бұндай қабілет, қасиеттерінің қалыптасуында, ел арасында сөзге шешен болған бабаларымен, нағашы жұрт, жақын туыстарының ықпалы болғаны сөзсіз. Мақалада Шәкәрімнің өскен ортасын зерделеу мақсатында, оның өзі жазып қалдырған материалдары кейінгі зерттеулермен қоса негізге алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа сай ауызша тараған деректер және профессор А. Исиннің жеке қорында сақталған материалдар Шәкәрімнің өскен ортасын тереңірек түсіну үшін зерделенді. Шәкәрім Құдайбердіұлының фотосуреттерін, оның өзі қазған құдығы маңындағы заттай деректерді, сонымен бірге ұрпақтары жайлы мағлұматты тарихи салыстырмалы әдіс арқылы қарастыру және жақындарының есімдерін, олардың өмір жолы жайлы мәліметтерді топтастыру сияқты ғылыми ізденістер Шәкәрім болмысын туыстары тұрғысынан жаңаша қарауға мүмкіндік берді.