МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНЕН ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.026
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мектепте тарих пәнін оқытуда жобалық оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік моделі қарастырылады. Жобалық оқыту – оқушылардың зерттеу, талдау, шығармашылық және командада жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи технология. Автор тарих сабағында жобалық әдісті тиімді пайдалану жолдарын, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мен сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мүмкіндіктерін сипаттайды. Жобалар арқылы оқушылар тарих деректермен жұмыс істегуді, оқиғаларға бағa беруді, өз пікірін дәлелді түрде ұсынуды және жобамен жұмыс жасауды үйренеді. Әдістемелік модельде жобалық тапсырмаларды құрастыру, бағалау критерийлерін анықтау және сабақ құрылымын жобалау сияқты негізгі кезеңдер сипатталған. Мақаладан нақты мысалдар мен тәжірибеге негізделген ұсыныстар берілген. Бұл зерттеу тарихты оқытудың сапасын арттыруға, білім алушылардың белсенділігін, шығармашылығын және жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Модель жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен болашақ педагогтар үшін әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады. Мақалада ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау жасау мен сауалнама әдісі кеңінен қолданылған. «Лайкерт шкаласы» негізінде қажеттілікті анықтау сауалнамасы алынып, нәтижесінде жобаның білім алушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын арттыруға ықпал ететіндігі дәлелденді.