Аннотация
Бұл мақалада кеңестік кезеңдегі молда-ишандардың тағдыры, олардын халық арасындағы рөлі мен тарихи орны қарастырылады. Кеңестік саясаттың Қазақстандағы исламға ықпалы исламдық институттардан бастап мұсылмандардың күнделікті өміріне дейін үлкен және жойқын болды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл ретте аталған тақырыпты жан-жақты зерттеу аса маңызды болып табылады. Бұл мақалада толық зерттелмеген Кеңес заманындағы молда-ишандардың тағдырын, кеңестік кезеңдегі діни ахуалды, ишан-молдалардың құрбандыққа ұшырауына қатысты сұрақтарды белгілі бір дәрежеде ашу маңызды орынға ие. Зерттелу әдістерімен материалдары. Бұл мақалада біз мұсылман дін басыларының білім беруінен қалыптасқан ислам факторының халыққа ықпалымен Кеңес үкіметінің мұсылман дін басыларына қарсы күресте қолданған әдістерімен стратегияларын талдауға көшеміз. Нәтижесі. Жалпы Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда Кеңес үкіметі тұсында ислам тақырыбының жеткілікті зерттелмеуінің басты себебі – мемлекеттік қауіпсіздік органдарының құпия күйінде қалған мұрағат материалдарына зерттеушілердің қолжетімсіздігі болып табылады. Ұсыныс. Біздің ойымызша, кеңестік дәуірдегі діни қызметкерлердің қуғын-сүргінін зерттеудің қазіргі кезеңінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының субъективтілігін қалпына келтіру өте қажет етеді. Бұл материалдар бұған дейін құжаттық-деректік басылымдар, жинақтар шығаруға негіз болды және болашақта да ғылым зерттеулер жүргізуде пайдалы болмақ.