«ЖАНУАРЛАР МҰРАҒАТЫ»: ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕКАРАЛАРДЫ ЕҢСЕРУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада гуманитарлық ғылымдардағы «жануарларға бетбұрыс» (animal turn) атты бағытауысымының нәтижесі деп пайда болған «жануарлар тарихы» (animal history) атты жаңа субпәннің қалыптасуы қарастырылады. Мақаланың әдіснамалық негізі өткенді адам-жануар қарым-қатынастары призмасы арқылы зерттейтін «жануарлар тарихы» (animal history) сияқты тарих зерттеулер саласындағы батыс ағылшын тіліндегі әдебиеттерді талдауға негізделген. Мақала авторлары дерек көздерді сыни тұрғыдан қайта қарау арқылы «жануарлар мұрағаты» түсінігін қарастыра отырып, жануарларды тарих субъектісі ретінде зерттеудің әдіснамалық мәселелерін талдайды. Яғни, антропоцентризмді жеңу, жануарларды тарих субъектілері ретінде тану және олардың «агенттігін» (agency) мойындау, сонымен қатар тарихи дерек көздердегі жануарлардың «дауысы» мәселелері талқыланады. Этологияны, жергілікті білімді және мәтіндік емес дерек көздерді қамтитын деректерді оқудың пән аралық тәсіліне ерекше назар аударады. Бұлар қылы империялық және отарлық тарих мысалдарында жануарлардың тарихи үдерістердің белсенді қатысушылары болып табылатыны көрсетіледі. Мақалада жануарлардың экономикалық ресурс, билік нышаны және отарлау құралдары ретінде қызмет етуін көрсете отырып, қазақстандық тарих ғылымына жаңа түсінік беру мүмкіндіктерін ұсынады, сонымен қатар бұл тәсілдердің империялық өткенді және көрсетілген мәселедегі адам-жануар қарым-қатынасын тереңірек түсінудегі әлеуетін көрсетеді.