КАРТОПТЫҢ (SOLANUM TUBEROSUM L.) САУЫҚТЫРЫЛҒАН МАТЕРИАЛЫН АЛУ ҮШІН АЭРОПОНИКАДА ӨСІРУ ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2025/20
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Сапалы отырғызу материалын алу мақсатында Ақсор картоп сортының 10 цисгендік линиясын, инновациялық бағыт болып табылатын аэропоника жүйесінде өсіру жағдайын оңтайландыру жұмыстары жүргізілген. Пробиркада өскен картоп өсімдіктерін реттелетін микровентиляциясы бар зарарсыздандырылған агробокстарда бейімдеу арқылы аэропоникаға көшу кезінде стрессті азайтуға және өсімдіктердің өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өсімдіктердің in vitro жағдайдан in vivo жағдайларына көшу кезінде жоғары тіршілігін қамтамасыз етіп, столондар мен шағын түйнектердің белсенді қалыптасуына ықпал етті. Цисгенді картоп линиялары арасындағы түйнек өлшемдерінің өнімділігі мен өсуіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысы барысында Ақсор картоп сортының цисгендік линияларын аэропоникада өсіру кезінде 376 дана түйнектер алынды. Оның 4,9-8,5% пайызы 30-55 мм шағын түйнектер болса, ал ең ұсақ мөлшері 9,6-20,3% пайызын алып жатыр. Саны жағынан ТГ33, ТГ103, ТГ85 картоп линиялары ең көп шағын түйнектер берді. Картоптың Ақсор сортын аэропоникада өсіру арқылы экологиялық таза өндірісті қамтамасыз ететіні, өсімдіктердің өсуін тездететіні, климаттық жағдайларға қарамастан тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретіні, күтім мен трансплантацияға кететін шығынды азайтатыны көрінді.