БҰЙРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҰПТҰЯҚТЫЛАР САНЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2025/46
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жұптұяқтылар - табиғаттың маңызды элементтерiнiң бiрi. Әртүрлi аңшылық жануарларының қорлары елiмiздiң табиғат ресурстарының бөлiгiн құрайды. Сондықтан, жабайы жануарларды қорғаудың маңызы зор. Зерттеудің негізгі мақсаты Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтылардың таралуын қыс уақытында бақылауға алып, есепке алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Далалық зерттеу жұмыстары Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк территориясында 2023-2024 жж. аралығында жүргізілді. Жабайы жануарлардың қазіргі жағдайы мен таралуы, сандық динамикасы қарастырылған. Далалық зерттеу жұмыстарымызда қысқы маршруттық есепке алу, фототұзақтар орнату, сауалнама алу, көзбен шолу əдістері қолданылды. Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтыларды бақылау кезінде есепке алу қыс мезгілінде жүргізілді. Қысқы маршруттық санақ кезінде 2024 ж. санақ бойынша жануарлардың саны 1532 дана басты құрады. Парк территориясында жануарлардың мекендеу ортасы қайыңды-көктеректі ағаштар өсетін ормандар. Сонымен қатар, орманды алқаптарда және қосымша азықтанатын науалар жанында жануарлардың белсенділігі орнатылған фототұзақтар арқылы байқалды. Жүргізілген ғылыми далалық зерттеудің нәтижесінде жұптұяқтылардың көптеген ерекше биологиялық қасиеттері мен санының динамикасын анықтауға мүмкіндік туды. Зерттеу нәтижесінде жұптұяқтылардың жыныстық және жастық құрылымы есепке алынды және олардың саны анықталды.