ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТҤЗЕТУ ЖОЛДАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.028
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мектептегі мазасыздық психикалық бұзылыс ретінде қарастырылады. Бұл көбінесе бейімделу процестерінің күрделілігіне орай мектепке дайындықтың жеткіліксіздігімен байланысты болады. Мақалада мектептегі мазасыздықтың көріну ерекшеліктері мен себептері көрсетілген. Мектептегі мазасыздық білім алушылардың мінез-құлқына, оқу процесіне және басқалармен қарым-қатынасына теріс әсер етуі мүмкін әртүрлі белгілер арқылы көрінуі мүмкін деп болжанады. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларындағы мазасыздық проблемасы диагностиканы, балалардың жеке ерекшеліктерін ескеруді және бейімделген жұмыс әдістерін қолдануды қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. Бұл олардың жағдайын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар табысты әлеуметтенуіне және оқуына ықпал етеді. Зерттеудің тиісті тәжірибесін анықтау үшін шетелдік және отандық әдебиеттерге шолу жасалды, мазасыздықты зерттеу үшін әртүрлі әдістер таңдалды: бақылау, әңгімелесу, жеңілдетілген сауалнамалар мен тест тапсырмалары, мұғалімдермен сұхбат, іс-әрекет өнімдерін талдау. Зерттеу балалық шақтағы мазасыздықтың негізгі себептерін, көріністері мен салдарын анықтауға мүмкіндік берді; сонымен қатар балалардың эмоционалды жағдайы мен әлеуметтік бейімделуін жақсартуға бағытталған мазасыздықты түзету әдістерін көрсетті. Мұғалімдер мен ата-аналарға уақытылы диагностикалық зерттеу материалдары, түзете дамыту сабақтарының тапсырмалары, қолданылған әдіс-тәсілдер және бастауыш сынып оқушыларының мектептегі мазасыздығын төмендету бойынша психологиялық-педагогикалық ұсыныстар зерттеу нәтижелері болып табылады. Бұл ұсыныстар психикалық дамуы тежелген балалар үшін эмоционалды жағдайын жақсартатын және оқу жетістіктерін арттыратын қолдау ортасын құруға бағытталған.