СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жоғары оқу орындары инновациялық білім беру концепцияларын жасаудың орталықтары бола отырып, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытудың оңтайлы бағытын үнемі іздестіруде. Сонымен қатар, өзекті мәселе студенттердің инновациялар құндылықтарын білуі, зерттеушілік қабілеттерін, іске асырылмаған ресурстарды өзектендіруі, ғылыми қызметте өзін-өзі дамыту болып табылады. Студенттердің ғылыми және инновациялық әлеуеті жеке тұлғаның кешенді интегративті сипаттамасы ретінде қарастырылады, оның ішінде: инновациялық идеяларды тудыруға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның қабілеттері мен ресурстары, ішкі мүмкіндіктер мен қызмет жағдайларын корреляциялау, ғылыми кеңістік жағдайларын талдау қабілеті. Бұл зерттеудің мақсаты студенттердің ғылыми-инновациялық әлеуетін дамыту ерекшеліктерін эксперименталды бағалау болып табылады. Зерттеуге қатысушылар: Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 4 курс студенттері, 1 курс магистранттары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттік және кандидаттық диссертацияларының ғылыми жетекшілері. Зерттеу құралдары өзін-өзі есептейтін шкалалар мен сауалнамалар болды. Мақалада студенттердің ғылыми-инновациялық қызметке қызығушылық танытуының көрінісін және оны педагогикалық білімнің барлық деңгейлерінде арнайы ұйымдастыру қажеттілігін дәлелдейтін анықтау экспериментінің нәтижелері берілген.