ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЕРТЕГІ-ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ФЭНТЕЗИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.3-04
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Әдебиет жанды құбылыс саналғандықтан уақыт ағымына қарай оның кейбір аспектілерінің өзгеріске ұшырауы да заңды. Сан ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан ұлттық фольклордың үлгісі саналатын ертегі-дастандардың шекпенінен шыққан фэнтези жанрына сұраныс күннен күнге артып келеді. Мақаламыздың басты мақсаты – Бостон дастаны мысалына сүйене отырып, түркі халықтарының фольклорлық мотивтері мен сюжеттерінің фэнтези шығармаларда көрініс табуын анықтау. Жер астына түсу, белгілі бір жануардың бас кейіпкерді жұтып, қайта құсуы арқылы оған керемет қасиет дарытуы сынды мотивтердің қазақ батырлық ертегілерінен бөлек қырғыз халқының ертегі-дастандарында сю­жеттік желінің қайталануы салыстырмалы талдау негізінде көрсетіледі. Батырлық дастандар мазмұ­нындағы мифопоэтикалық сананың, мифтік танымның, фольклорлық мотивтер мен бейнелердің тұрақты көрінісі қарастырылады. Ерте заманнан сақталып жеткен ертегі, дастандардағы сюжеттік желілер мен фольклорлық мотивтерге қатысы туралы талдаулар негізінде тұжырымдар жасалады. Салыстырмалы, салғастырмалы әдістер мен жинақтау, анализ жасау тәсілдері негізінде ертегі-дастандардағы мотивтердің фэнтези шығармалардағы мотивтермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, фэнтези авторлары тарапынан жасалған трансформациялар айқындалады. Өскелең ұрпақтың сүйікті жанрына айналып үлгерген бұл жанрдағы фольклорлық мотивтер арқылы ұлттық кодтың қаншалықты дұрыс беріліп жатқандығын қарастыру қашан да өзекті болып табылады. Зерттеу жұмысы нәтижесінде фэнтези әдебиеттің авторлары ертегі-дастандарға қарағанда туындыларын шындыққа жақындау етіп баяндайтыны анықталды. Сондай-ақ фэнтези авторлары өз кітаптарында түркі аңыздарының, мифтерінің көптеген элементтерін қолданған. Түркі фольклорының элементтері авторлардың шығармаларында шешуші рөл атқарады. Осылайша қазіргі фэнтези жанры фольклорлық және заманауи суреттерін және шындықты жеке авторлық түсінуді біріктіреді деген қорытынды жасалады.