ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ БИЛІГІ ДӘСТҮРІНІҢ ЖАЛҒАСЫ РЕТІНДЕ (ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАН ТӘЖІРБИЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ)

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2025.3/1999-5911.05
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Құрылтай – көптеген ғасырлар бойы алқалық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін мемлекеттік институт ретінде демократияның көрінісі болып табылады. Құрылтай ескі түркі мемлекеттерінің тарихында ел өмірінің маңызды мәселелерін қарастыратын кеңес болды. Ғұн мемлекеті дәуірінен бастау алған бұл Мәжіліс ғасырлар бойы түркі тілдес мемлекеттерде елдегі маңызды мәселелерді шешу үшін шақырылатын бекзаттарының жиыны ретінде қызмет атқарды. Мақаламызда Құрылтайдың ежелгі түркі билігі дәстүрінің жалғасы ретінде қазіргі заманғы қызметі туралы баяндалады. Кеңестер Одағынан тәуелсіздік алған республикалар мемлекеттілігін қалыптастыру бағытында түрлі реформалар жүргізе бастады. Бұл реформалардың негізгі бағыттарының бірі ескі құндылықтарды қайта жаңғырту болса, Құрылтайдың құрылуы – ескі түркі мемлекеттерінің ел билігіндегі дәстүрді жалғастырудың бір көрінісі болып табылады. Мақалада, Қазақстан Республикасының Ұлттық Құрылтайы және Қырғыз Республикасының Халық Құрылтайының құқықтық статусы, құрамы және қызметтеріне салыстырмалы талдау жасалынады. Түйін сөздер: Құрылтай, Ұлттық Құрылтай, Халық Құрылтайы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Заң, Ереже.