ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫ БАҒАЛАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.3.28-786
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала цифрлық экономика жағдайында адами капиталды бағалаудың Composite Development Index (CDI) және Comprehensive Capital Index (CCI) екі интегралды тәсілін әзірлеуге және салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты CDI моделінде адами даму индексі (HDI), цифрлық трансформация индексі (DTI) және тұрақты даму индексі (SDI) арасындағы өзара байланысты ресімдеу, CCI моделінде цифрлық құзыреттер мен кәсіби дағдылар индикаторларын тереңірек интеграциялау болып табылады. Жұмыста нормалау әдістері, индекс талдауы және визуализация қолданылды. Мысал ретінде Қазақстанға қатысты деректер таңдалды. Мақалада халықтың өмір сүру деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш ретінде адами даму индексін қолданудың артықшылықтары мен шектеулері қарастырылды. Нәтижелер CDI жалпы даму бағасын беретінін, ал CCI кадрлардың цифрлық ортадағы даму әлеуетін тереңірек түсіндіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Ұсынылған модельдер білім, цифрландыру және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ғылыми жаңалығы - композиттік бағалауларды Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына бейімдеу және адами даму индексінен (HDI) кеңейтілген CDI және CCI индекстеріне өту қажеттілігін негіздеу. Жаңа құзыреттерді қалыптастыру және адам әлеуетін дамытуға инвестициялар басымдыққа айналатын адами капиталды дамыту саясатын цифрлық экономика жағдайларына бейімдеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.