Қазақтың Мұғалжар жылқы тұқымының дене тұрқының өзгерісіне LCORL генінің әсері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.3(127).1963
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Бұл зерттеу LCORL генінің генетикалық полиморфизмінің Мұғалжар жылқы тұқымының өсуі мен дамуына байланысты әсерін зерттеуге бағытталған, және осы аталған LCORL гені Мұғалжар жылқы тұқымының асыл тұқымдық қасиетін одан ары жақсарту үшін молекулалық маркерлер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу әдістері мен нәтижелер: Біз бір нуклеотидті полиморфизм (single nucleotide polymorphisms, SNP) зерттеу нәтижесі бойынша g.226 окусынан бір SNP C/T-ді байқадық, осы SNP арқылы жасалған генотиптер CC, CT және TT болды, аллельдік және генотиптік жиіліктерді талдау g.226 C/T SNP-і HWE-көрсеткішінен ауытқығанын көрсетті (p < 0.05). ал SNP-ді қалпына келтіру көрсеткіші орташа полиморфизмді көрсетті (0,25 < PIC < 0,50), генотиптік жилік бойынша CT генотипінің жилігі CC,TT генотиптеріне қарағанда жоғары болды, LCORL генінің g.226 C/T SNP-індегі генотиптер бойынша Мұғалжар жылқы тұқымының дене өлшемдерімен байланысы CT генотипі CC, TT генотиптеріне қарағанда дене өлшемдерінің бойының биіктігі, денесінің қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншік орамы, дене салмағы қатарлы көрсеткіштерінде байланысы жоғары болды. Ал TT генотипі CC генотипіне қарағанда бойының биіктігі, жіліншік орамы, дене салмағы көрсеткіштерінде байланысы жоғары болды; LCORL геніне филогенетикалық ағаш құру және оның мотивтерінің орнындағы консервация (сақталу) (Phylogenetic tree and motif position conservation analysis)деңгейін зерттеу бойынша әр түрлі жануарлардың эволюциялық даму процесінде филогенетикалық ағаш байланысында қатты алшақтақ жоқ, байланыстың жақын екендігін көріуге болады, сонымен қатар 6 түрлі жануардың LCORL протейіндік тізбегі арасындағы мотив орындарында айтарлықтай сақталғанын көріуге болады; LCORL генінің Айғырдың(stallion) әртүрлі ұлпаларындағы экспрессия деңгейлеріне Transcripts Per Million (TPM) әдісі бойынша талдау бойынша LCORL генінің pre-mRNA экспрессиясы ұлпалар арасында әртүрлі деңгейде болатынын және осы геннің жылқыда белгілі бір ұлпаларда, мысалы, жыныс безі функциясында, иммундық жүйе органдарында, тыныс алу және май ұлпаларында маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.