Интервалды реттеу жүйелерінің пойызаралық интервалға әсерін бағалау

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-152-3-268-279
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Теміржол көлігі – жолаушылар мен жүк тасымалының сенімді әрі үнемді түрі ретінде көлік жүйесінде маңызды орын алады. Соңғы жылдары қозғалыс жиілігінің артуы мен қауіпсіздік талаптарының күшеюі теміржол желісінің өткізу қабілетін оңтайландыруды қажет етуде. Осы мақсатта пойыздар арасындағы интервалды басқару жүйелерін модельдеу – қозғалыс тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналуда. Осы мақалада пойыздар арасындағы интервалды басқару жүйелерін модельдеу арқылы қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Пойыз аралық интервал – бұл пойыздар арасындағы кеңістіктік немесе уақыттық қашықтық, ол жүйенің қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл интервалды нақты есептеу және түрлі басқару жүйелерінде (жартылай автоматты блоктау, автоматты блоктау, радиоблоктау) салыстыру теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген есептеулерге сәйкес: жартылай автоматты блоктау жүйесінде интервал – 660 с., өткізу қабілеті – 5,45 пойыз/сағ.; автоматты блоктау жүйесінде интервал – 120 с., өткізу қабілеті – 30 пойыз/сағ.; радиоблоктау жүйесінде интервал – 72 с., өткізу қабілеті – 50 пойыз/сағ. Бұл нәтижелер радиоблоктау жүйесінің пойыздар қозғалысын басқарудағы ең тиімді жүйе екенін көрсетті, себебі ол ең аз интервалмен жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелері теміржол көлігінің цифрлық трансформациясына, қауіпсіздік пен өткізу қабілетін арттыруға үлес қосуы мүмкін.