Жүк ағындарындағы тұрақты даму факторларын зерттеу

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-152-3-155-170
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы жүк тасымалы саласының экологиялық тұрақтылық және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерімен өзара байланысы қарастырылады. Сонымен қатар климаттың жаһандық өзгеруі және қоршаған ортаның нашарлауы жағдайында көлік секторын тұрақты дамыту қажеттілігі зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы жүк ағынының тұрақты дамуының негізгі проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау, қоршаған ортаны жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру бойынша практикалық шешімдерді ұсыну. Негізгі назар парниктік газдар шығарындыларын азайту мен қоршаған ортаға келетін зиянды төмендетуге аударылған. Көлік шығарындыларының ауа, су және топырақ сапасына тигізетін кері әсері мен олардың экожүйелерге залал келтіретіні баяндалады. Сонымен қатар, денсаулыққа келетін қауіптер – тыныс алу аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылыстары сияқты мәселелер егжей-тегжейлі сипатталады. Зерттеуде әртүрлі аналитикалық әдістер қолданылады, соның ішінде статистикалық деректерді талдау, халықаралық тәжірибелерді салыстырмалы зерттеу және ағымдағы жағдайды бағалау және тиімді шешімдерді ұсыну үшін экологиялық және экономикалық модельдеу әдістері Мақалада Қазақстанда жүк тасымалының экологиялық және экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар келтірілген. Халықаралық тәжірибелерден Еуропалық Одақтың «Жасыл жүк Еуропа» бағдарламасы және Германия мен Нидерландыдағы электромобильдерді енгізу үлгілері мысал ретінде алынған. Зерттеу нәтижесінде көлік саласындағы экологиялық қауіптерге жауап беретін тиімді стратегияларды қалыптастыру қажеттігі ғылыми негізде баяндалады және Қазақстанда бұл мәселелерді саясат пен тәжірибе арқылы шешудің мүмкін жолдары қарастырылады.