Айқас тістемді диагностика ерекшеліктері

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2025.44.97.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Айқас тістем – жиі кездесетін тіс-жақ аномалиясы, ол функционалдық және эстетикалық өзгерістерге әкеледі. Айқас тістемді уақтылы анықтау және тиімді түзету мақсатында 3D-рентгенография, компьютерлік томография және цифрлық модельдеу сияқты заманауи диагностикалық әдістерді қолдану негізделген. Бұл технологиялар окклюзиялық бұзылыстардың сипатын, асимметрия деңгейін және функционалдық өзгерістерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Айқас тістемді емдеуде кешенді тәсілді қолдану – ортодонтиялық аппараттар, миофункционалдық терапия және хирургиялық түзету – тұрақты нәтижеге қол жеткізуге, шайнау қызметін жақсартуға және бет эстетикасын қалпына келтіруге ықпал етеді. Мақсат. Айқас тістемнің клиникалық және рентгенологиялық ерекшеліктерін бағалау және заманауи диагностика әдістерінің тиімділігін талдау. Материалдар мен әдістер. Екі пациент зерттелді. Клиникалық тексеру, ортопантомограмма, телерентгенограмма және цефалометриялық талдау қолданылды. Нәтижелер. Пациенттерде морфологиялық өзгерістер, бет асимметриясы және шайнау функциясының бұзылыстары анықталды. Цефалометрия төменгі жақтың ығысуын көрсетті. Қорытынды. Кешенді диагностика айқас тістемді дәл бағалауға мүмкіндік береді және емдеу тактикасын таңдауда маңызды рөл атқарады.