Bulletin WKU

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.99(3).120
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ АВСТРИЯЛЫҚ «УЛЬФЕЛЬД» КОММУНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ Аңдатпа.Тəуелсіздікке қол жеткізгенімізге отыз жылдан астам уақыт болғанымен əлі де Отандық тарихта ашылмаған ақтаңдақтар мен айтылмаған фактілер баршылық.Архив қорларындағы құжаттарды жарыққа шығару, оларға сын көзбен қарап, талдау жасау кəсіби тарихшылардың міндеті.Күні бүгінге дейін беймəлім болып келген Қызылорда қаласына жақын жерде орналасқан Сабалақ елді мекенінде құрылған Австриялық «Ульфельд» иммиграциялық коммунасы бұрын-соңды айтылмаған, жазылмаған фактілердің бірі болып табылады.«Ульфельд» иммиграциялық коммунасын құру мəселесі Москвада шешіліп, қызметі Қазақстанда жалғасты.І дүние жүзілік соғыс құрбандарының есебінен құрылған коммунаның Қызылордадағы қызметі небəрі бір жылға ғана болды.Осы бір жылдың ішінде коммуна суландыру жүйесін қалпына келтіріп, бидай, картоп, тары, бау-бақша дақылдарын егіп, құрылыс жұмыстарын жүргізді.Мақалада Қызылорда қаласында құрылған Австриялық «Ульфельд» иммиграциялық коммунасының құрылу тарихы мен барысы қарастырылған.Коммунаның құрылуына қатысты деректер сараланып, екі жақты келісімнің шарттары мен қоныс аударушыларды орналастырудағы қиыншылықтар талданды.Авторлар коммунаның қызметі мен коммунаға кеңестік билік тарапынан жасалған жеңілдіктер мен артықшылықтарға тоқталып өтеді.Кілт сөздер: Қызылорда; І дүние жүзілік соғыс; Австрия, келісімшарт; ауыл шаруашылығы; иммиграциялық коммуна; қоныс аудару; жер участогы; баубақша өнімі; жалға беру.Кіріспе.Тарихты түгендеу туған өлкеден басталатынын ескерсек, Сыр өңірінің тарихы əлі де зерттеу мен зерделеуді қажет етеді.Сонау ХVІІІ ғасырда Қамыс қала деген атпен кейіннен Ақмешіт -Перовск -Ақмешіт -Қызылорда атымен белгілі болған