Аннотация
Шыны – құрылыс саласы мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын маңызды материалдардың бірі. Шыны бұйымдарына деген сұраныс жыл сайын артып келеді, бұл өз кезегінде шыны өнеркәсібінің өндіріс көлемін ұлғайтуға және олардың сапасын сақтауға жетелейді. Шыны өндірісіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер оның қолдану аясын кеңейтуде үлкен рөл атқарды. Өндірудің жаңа әдістері мен қолданылып жүрген технологиялық процестерді жетілдіру тәсілдері пайда болып, шыны қолданудың жаңа аймақтары ашыла бастады. Өнімнің химиялық құрамын өзгерту арқылы әртүрлі шыны түрлері жасалды. Осы орайда, әртүрлі қасиеттері бар шыныларды алу әдістерін зерттеу маңызды болып табылады. Түрлі бұйымдарды өндіру үшін түсті шыны композициясын зертханалық жағдайда дайындап, оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша алынған түсті шынының сәндік мақсаттарда қолдануға болатындығы анықталды.