«SAYAT QORA» («HUNTING-BOX») AS A HISTORICAL AND CULTURAL VALUE: ISSUES OF SOLITUDE AND FREEDOM

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-152-3-19-36
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Шәкәрімнің «Саят қорасын» тарихи-мәдени құндылық ретінде тарихи-танымдық тұрғыдан зерттеуге арналған. Шәкәрім толысқан шағында жалғыздыққа ұмтылған. Елсіз тау қойнауында «Саят қораны» салдырып сонда тұрған. Саналы түрде оқшауланған. Еркіндік іздеген. Шәкәрімнің оқшаулануы танымдық тұрғыдан қазақ фәлсапасында арнайы қарастырылмаған. Л.Н.Толстойдың «Ясная Полянасы», Абайдың «Жидебайы» сияқты, Шәкәрімнің «Саят қорасы» да сакральды құндылық. Ғұлама ойшыл, классик ақын, танымал тарихшы Шәкәрім қажының тағдыры өте күрделі. Шәкәрім феноменін сакральды «Саят қора» контексінде қарастырсақ, жалғыздық пен еркіндік мәселесімен үндесері хақ. Шәкәрімнің рух биіктігі аласапыран замандағы билікке мазасыздық әкелді. Мақалада осы фәлсапалық сауалдарға жауап іздеу басты ғылыми мәселе. ХІХ-ХХ ғасыр түйіскен кезеңдегі аласапыран адамзат қоғамына төңкеріс әкелді. Рухы биік Шәкәрім патша билігіне де, кеңес режиміне де қарсы болды. Шәкәрімді адамзат болашағы, ұлт тағдыры алаңдатты. Төңкеріс нәтижесі халыққа нәубет, Шәкәрімге трагедиялық өлім әкелді. Адамзат қоғамының әділетті болғанын армандаған Шәкәрім «Ар білімі» туралы ой айтып, соның жазылуын аңсаған. Мақалада алғаш рет танымдық-фәлсапалық өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылады.