Аннотация
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ҒЗЗ мен «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының зертханаларында өнген жасымық ұнын бидай ұнының бір бөлігімен алмастыру арқылы оның тағамдық құндылығын жоғарлатумүмкіндігін зерттеу бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді. Зерттеу барысында өнген жасымық ұнының дайын өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне, сондай-ақ дәмі, иісі мен кеуектілік құрылымы сияқты органолептикалық көрсеткіштеріне әсері қарастырылды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде құрамына 15% өнген жасымық ұны қосылған домалақ нанның сыртқы түрі тартымды, органолептикалық көрсеткіштері жоғары, сондай-ақ бақылау нан үлгілерімен салыстырғанда биологиялық құндылығы мен функционалдық қасиеттерге ие екендігі анықталды.