ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ:ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағыинклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы мен құқықтық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты инклюзивті білім беруді реттейтін халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық актілерді кешенді түрде талдау, педагогикалық кадрлардың тапшылығы, мамандарды жеткіліксіз дайындау және аймақтық диспропорциялар сияқты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасының әрі қарай даму преспективаларын анықтау болып табылады. Зерттеудің әдіснамасы БҰҰ Балалардың құқығы туралы Конвенцияны және Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны, «Білім туралы», «Балалардың құқығы туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы» ұлттық заңдарды, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметі туралы статистикалық деректерді қоса алғанда, халықаралық құжаттарды талдауға және синтездеуге негізделген. Талдау инклюзивті тәжірибелерді енгізудің оң динамикасын, инклюзияға жағдай жасайтын мекемелер санының өсуін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен студенттер контингентінің ұлғаюын көрсетті. Сонымен бірге өзекті проблемалар айқындалуда: білікті мамандардың тапшылығы, инклюзивті ортаны қамтамасыз етуде аймақтық айырмашылықтар және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі. Алынған нәтижелер инклюзивті білім берудің ғылыми негіздерін дамыту үшін теориялық мәнге ие және білім беру саясатын жетілдіру, педагог кадрларды даярлауды жоспарлау және білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру үшін практикалық маңыздылыққа ие.