ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДЫҢ РӨЛІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2025.61.3.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қырғыз Республикасының сыртқы саясатында Қытай көршілес ел болумен қатар, маңызды саяси әрі экономикалық серіктес ретінде ерекше орын алады. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері Қырғызстан мен Қытай үшін сыртқы саясаттағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. Қытайдың Жаңа Жібек жолын дамыту бастамасы Ресей, Қазақстан және Қырғызстанмен бірлесе әрекет етуде маңызды орын алады. «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегиясын іске асыру Қырғызстан үшін көлік тұрғысынан оқшауланудан шығуға, аймақтық әрі жаһандық нарықтарға тікелей жол ашуға және сауда көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашады. Бұл елге энергетикалық ресурстар мен тауарларды тасымалдайтын ірі транзиттік хабқа айналу мүмкіндігін береді.Қырғызстан мен Қытай бір-бірін өзара толықтыратын серіктестер ретінде ерекшеленеді: Қырғызстан Қытайға қажет көмір, темір, алтын, мыс және алюминий сияқты пайдалы қазбалармен қамтамасыз ете алады, бұл елдің тау-кен өнеркәсібіне ірі инвестициялар тартуға жол ашады. Ал Қытайдың жедел дамып жатқан өнеркәсіптік әлеуеті Қырғызстанның ауыл шаруашылығына негізделген экономикасына қажетті технологияларды ұсыну арқылы оның өнеркәсіптік дамуына серпін береді.Бүгінгі күнге дейін екі елдің арасындағы орнатылған түрлі саладағы серіктестіктің даму бағытын, ынтымақтастықтың деңгейін бағалай отырып, сарапшылар болашаққа түрлі сараптама жасауда. Қытай тәрізді алып державамен қарым-қатынаста Қырғызстан көбірек тәуекелге баратыны анық. Дегенмен, дәл осы Қытай Қырғызстанның дамуының драйвері бола алуы әбден мүмкін. Зерттеу барысында екі елдің қарым-қатынасының мүмкіндіктері ғана емес, сонымен қатар соңғы жылдардағы ресми статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, түрлі саладағы серіктестіктің қауіп-қатерлері де бағаланды.