РЕСЕЙ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ САХА РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМСАҚ КҮШІ: ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2025.61.3.016
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ресей мен Түркияның Саха (Якутия) Республикасына қатысты жұмсақ күш стратегияларының салыстырмалы талдауы қарастырылады. Зерттеу мәдени және әлеуметтік желілердегі тәжірибелерге, институционалдық тетіктерге және геосаяси бәсекелестік жағдайында саха халқының бірегейлігін қалыптастыратын символикалық нарративтерге шоғырланады. Ресей перифериялық халықтарды «көпұлтты мемлекет» шеңберінде біріктіруге ұмтылса, Түркия ТҮРКСОЙ, ТИКА (Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қызметі) аясында білім беру бастамалары арқылы түркі өркениетінің ынтымақтастығы тұжырымдамасын алға ілгерілетуде. Әлеуметтік желілердегі медиаға ерекше назар аударылады, өйткені онда бірегейліктің балама бейнелері қалыптасып, төменнен басталатын қоғамдық дипломатия тәжірибелерін дамытады. Салыстырмалы талдау Саха Республикасының интеграциялық және пантүркістік дискурстардың бәсекелестік алаңына айналыпкеле жатқанын, ал жергілікті қауымдастықтар мәдени өзін-өзі бекітудің белсенді субъектілері ретінде әрекет ететінін көрсетеді. Мақалада сондай-ақ Қазақстан үшін салыстырмалы қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін жұмсақ күш пен мәдени дипломатия туралы қазақстандық зерттеулерге шолу жасалады. Жергілікті қауымдастықтарды қолдауға, әлеуметтік желілердегі бастамаларға және лингвистикалық әртүрлілікті сақтауға негізделген мәдени дипломатия дипломатияның өзіндік стратегиясын әзірлеу қажеттілігі туындалды. Алынған нәтижелер постимпериялық жұмсақ күш динамикасы туралы түсінікті кеңейтеді және Еуразиядағы бірегейліктердің күшейіп келе жатқан бәсекелестігі жағдайында Қазақстанның мәдени саясатын дамытудың аналитикалық негізін қалыптастырады.