ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫРЛАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2025.61.3.019
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жарты ғасырда Таяу Шығыста аймақтану әрекеттері бірнеше рет қолға алынғанымен, саяси, экономикалық және қауіпсіздік өлшемдеріндегі ынтымақтастық шектеулі деңгейде қалып отыр. Мақалада бұл үдерістің институционалдық әлсіздігі, ішкі сенім тапшылығы және сыртқы державалардың ықпалына тәуелділігі жан-жақты талданады. Зерттеу салыстырмалы саяси талдау әдісіне сүйеніп, Таяу Шығыс пен Орталық Азия тәжірибелерін қатар қарастыру арқылы аймақтық интеграцияның ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Нәтижелер энергетикалық саясаттың аймақ елдерін байланыстыратын басты арна болғанымен, мемлекетаралық бәсекелестік пен сенімсіздік оның әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіретінін айқындады. Қауіпсіздік саласында ортақ қатерлерге қарамастан, аймақтық институттардың әлсіздігі мен сыртқы акторлардың ықпалы шешуші рөл атқаруда. Геосаяси өлшемде көпвекторлы дипломатия елдердің егемендігін сақтауға мүмкіндік бергенімен, терең интеграцияға кедергі болып отыр. Зерттеу қорытындысында Таяу Шығыстағы аймақтану формалды институттарға қарағанда бейресми, бейімделгіш сипатта дамып келе жатқан саяси құбылыс екендігі көрсетіліп, болашақта икемді және көпдеңгейлі ынтымақтастық үлгілерін қалыптастыру қажеттілігі атап өтіледі.