ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН ХАНШАЛАР БЕЙНЕСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.039
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған жыраулар поэзиясындағы ханымдар мен ханшалар бейнесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Жыраулық мұрада сол дәуірлердегі ұлттық таным мен түйсіктің басты сипаты анық көрінетіндігі сөз етіліп, соған сәйкес ел есінде, жұрт жадында ханымдар мен ханшалар қандай іс-әрекетімен, бет-бейнесімен қалғандығы ғылыми тұрғыда зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі. Хан суреттелетін тұста, міндетті түрде ханым бейнесі де көрінетіндігі тұжырымдалады. Кейбір жырауларда нақты «ханым» деген сөз кездеспесе де, олар тудырған толғауларда ел басқарушының зайыбына қойылатын талаптар анық көрсетілетіндігі сараланады. Хандық дәуір әдебиетінде ханымдар мен ханшалардың зор құрметке ие екендігі «хан қызындай» секілді теңеулердің тууына себеп болып, оның әрі қарайғы әдебиетте жалғасын тапқандығы көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты. Хан ордасында ханымдар мен ханшалардың орны төр болғандығы, олардың мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатына зор ықпал еткендігі де зерттеу аясынан тыс қалмайтындығын таныту. Ханым бейнесінің мифтік аспектісі де ғылыми негізде сөз болатындығына назар аудару. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қысалтаяң шақтарда, ел шетіне жау тигенде, орда тұрғындарының не істегендігі, қандай әрекет қылғандығы айтыла отырып, соның ішінде ханымдар мен ханшалардың сондай жағдайлардағы сезім-күйлері, оны жыраулардың көркемдік шындықпен көрсете білу ерекшелігі, ханымның ел ішіндегі зор беделі, жұрт алдындағы асқан абыройы, жыраумен арадағы қарым-қатынасы, сыйластығы, екеуін байланыстыратын басты жайттарды, жыраулар поэзиясында ханымдар мен ханшалар хан сияқты басты көркемдік тұлға болмаса да, жанама кейіпкер ретінде көптеген тарихи сәттердің куәсі болғандығын тереңірек танытуда болып отыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы жыраулық мұрадағы ханымдар мен ханшалар бейнесі арқылы тарихи жадыны жаңғырту, сондай-ақ егемен еліміздің бүгінгі таңдағы гендерлік саясатын қолдау, әйелдердің қоғамдық ортадағы беделін арттыру болып табылады.