МІНЕЗ ТИПТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мінез – белгілі бір өмірлік жағдаяттарда орын алған субъектіге тән мінез-құлық белгілерінің көрінісі мен тұлғаның тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Сондықтан адам мінезін зерттеу арқылы белгілі бір халықтың ұлттық мінезі мен психологиясын, құндылықтары мен ұстанымдарын анықтап, салыстыра, салғастыра зерттеуге мүмкіндік аламыз. Мінездің қалыптасуына жеке тұлғаның немесе ұлттың өмір сүру қағидаттары, әлеуметтік ортасы, дәстүрі мен мәдениетінің ықпалы мол. Зерттеу жұмысында адамның тұлғалық қалыптасу үдерісінде пайда болатын мінез акцентуациясының типтері анықталды. Мінез психикалық қасиеттер жиындығы болғанымен, оның тілдегі сипатының түрлі тілдік бірліктер негізінде көрініс табатынын ескере отырып, мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінезді сипаттайтын фразеологиялық бірліктер назарға алынды.Зерттеудің мақсаты – ағылшын және қазақ тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын семантикалық талдау негізінде анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиядық бірліктерді анықтау барысында екі ұлтқа тән ұлттық-мәдени стереотиптердің анықталуымен айқындалады. Жұмыстың практикалық мәні – зерттеу нәтижерін, талдау үлгілерін тіл білімінің когнитивтік лингвистика секілді арнайы салаларындағы зерттеу жұмыстарында, қазақ және ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді салғастырмалы зерттеу еңбектерінде, сонымен қатар психология мен педагогика, мәдениеттану салаларындағы пәнаралық зерттеулерде теориялық және тәжірибелік материал ретінде қолдану мүмкіндігімен құнды.Зерттеу әдістемесі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді бақылау, жинақтау, семантикалық, лексикалық талдау әдістеріне, сондай-ақ психологиялық, педагогикалық және мәдениетаралық зерттеулер аясындағы байланысын салғастырмалы интерпретациялау әдістеріне негізделген. Зерттеу жұмысының өзектілігі – қазақ және ағылшын тілдеріндегі мінез түрлерін сипаттайтын фразеологиялық бірліктерді семантикалық талдау негізінде туыс емес екі ұлтқа тән ұқсастықтар мен айырашылықтарды салғастырмалы зерттеу, екі ұлтқа тән ұлттық-мәдени ерекшеліктерді саралау.