ОТБАСЫ КОНЦЕПТІ ИРЛАНД ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЛЕМІНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.023
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ және ирланд мәдениеттеріндегі отбасыконцептісінің лингвомәдени ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы қарастырылады. Зерттеу өзектілігі – отбасы ұғымының екі ұлттың мәдениетінде алатын орны мен тілдік көрінісін зерттеу арқылы әлемнің тілдік бейнесін тану, ұлттық дүниетаным мен құндылықтар жүйесін ашу қажеттілігінде. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ирланд мәдениеттеріндегі отбасы концептісінің мазмұндық құрылымын, семантикалық өрісін, мәдени-тілдік ерекшеліктерін анықтау және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.Зерттеу барысында лингвомәдени талдау және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Бұл тәсілдер екі ұлт мәтениетіндегі отбасыконцептісінің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу материалы ретінде түсіндірме сөздіктер, терминологиялық сөздіктер, қазақ және ирланд халықтарының мақал-мәтелдері, нақыл сөздері мен тұрақты тіркестері пайдаланылып, сарапталды. Сөздіктер негізінде отбасы ұғымының биологиялық, әлеуметтік, құқықтық және мәдени сипаттарын қамтитын кең семантикалық өрісі анықталды.Сонымен қатар, концепт ұғымының ғылыми негіздері мен теориялық аспектілеріне шолу жасалып, концепт - белгілі бір халықтың тарихи, мәдени, тілдік тәжірибесін жинақтайтын менталды құрылым ретінде сипатталды.Зерттеу қазақ және ирланд мәдениеттеріндегі отбасы концептісін үш семантикалық өріске, атап айтқанда, отбасылық қатынастар, тұрмыстық өмір элементтері және абстрактілі ұғымдар ретінде берілген. Екі мәдениетте де отбасы – махаббат, бірлік, қамқорлық пен рухани байланыс символы ретінде көрініс табады. Сондай-ақ, қазақ мәдениетінде отбасылық бірлік, үлкенді құрметтеу, дәстүрге адалдық, ұрпақ сабақтастығы басым болса, ирланд мәдениетінде - дербестік, еркіндік пен жеке жауапкершілік, отбасылық жылулық, бірлік, қауіпсіздік құндылықтары көрініс тапқаны анықталды. Талдау нәтижесінде отбасы концептісі ұлттық мәдени дүниетанымның маңызды құрамдас бөлігі екені анықталды. Мақала нәтижелері когнитивтік лингвистика, этнолингвистика және лингвомәдениеттану салаларындағы зерттеулер үшін теориялық маңызы бар. Зерттеудің практикалық құндылығы алынған деректерді салыстырмалы лингвистика, семантика және мәдениеттану пәндері аясында концепттерді зерделеу барысында, сондай-ақ гуманитарлық цикл пәндеріне арналған оқу материалдарын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.