АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «ОҚУ ҚҰРАЛЫ» БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАЗМҰНДЫҚ, ГРАФИКАЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» деп аталатын желілес кітаптарының жиырма үш басылымы өзара салыстырылып, олардың құрылымдық, мазмұндық және графикалық ерекшелігі талданып, эволюциясы анықталады. Ғалымның аталған желілес оқулықтары қазақ ғылымы мен білім беру саласының бастауында тұрған ізашар, ұлттық сипаттағы классикалық еңбек болғандықтан, бүгінгі таңда қазақша оқулықтар дайындау үшін айрықша маңызға ие. Десе де қазақ тіл білімінде «Оқу құралы» басылымдары қазірге дейін салыстырылып, толық библиографиясы жасалмады және текстологиялық ерекшелігі арнайы қарастырылмады. Тіпті толық басылымдары кирил графикасымен жарық көрген жоқ. Сондықтан да оқулық басылымдары арнайы зерттеу нысаны етілді. Зерттеудің мақсаты – Ахмет Байтұрсынұының «Оқу құралы» деп аталған желілес кітаптардың эволюциясын зерттеу арқылы ғалымның әліппе, оқулық жазу тәжірибесін анықтау. Талдау үш кезеңге бөліп жүргізілді: бірінші кезеңде «Оқу құралының» жинақталған жиырма үш басылымы төрт топқа жіктеліп, құрылымдық, деректемелік ерекшеліктері сөз болады. Бұл кезеңде зерттеу деректанымдық бағытта жүргізіледі; екінші кезеңде «Оқу құралы» басылымдарының мазмұндық ерекшеліктері талданады. Бұл кезеңде зерттеу лингводидактикалық бағытта жүргізіледі; үшінші кезеңде «Оқу құралы» басылымдарының графикалық ерекшеліктері өзара салыстырылды. Бұл кезеңде зерттеу лингвотекстологиялық бағытта жүргізіледі. Нәтижесінде «Оқу құралы» басылымдарының құрылымы мен жүйесіндегі өзгерістер, мазмұнындағы толықтырулар мен түзетулер, графикалық эволюциясы анықталды. Сондай-ақ мұрағаттық зерттеулер нәтижесінде анықталған «Оқу құралы» басылымдарының бүгінгі тіл біліміне, ғалымдарға белгісіз бірнеше нұсқалары туралы деректерайтылып, кейбір зерттеушілер көрсетіп жүрген ағат басылымдар туралы дәйектер ұсынылады. Зерттеу «Оқу құралының» түпнұсқа басылымдары негізінде жүргізілді. Зерттеудің барлық кезеңінде салыстырмалы-тарихи, текстологиялық және сипаттамалы әдістер интегративті сипатта қолданылды. Соңында «Оқу құралы» басылымдарының өзгеру, даму себептері мен одан туған нәтижелерге баға берілді және қорытынды тұжырымдар шығарылды. Зерттеу тұжырымдары мен нәтижелері Ахмет Байтұрсынұлының оқулық дайындау тәжірибесін тануға мүмкіндік беріп, қазақ тілі әліппесін ұлттық сипатта дайындау үшін ғылыми-әдіснамалық негіз бола алады. Сондай-ақ қазақ жазуының түйткілді мәселелерін зерттеуде теориялық негіз болады және жазу теориясының ғылыми базасын кеңейтеді.