METHODS FOR DEVELOPING SPEAKING SKILLS IN ENGLISH LANGUAGE CLASSES

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.69927/nqzc6765
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқыту үдерісінде студенттердің сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді стратегиялар қарастырылады. Заманауи әдістемелік тәсілдер, соның ішінде коммуникативтік әдіс, оқытудағы кіріктірілген пәндік-тілдік тәсіл (CLIL), лексикалық әдіс және жобалық технологиялар талданады. Аталған әрбір әдіс білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және білім алушыларда сөйлеу барысында туындайтын типтік қиындықтарды, тілдік кедергілер, қателік жасаудан қорқу, сөздік қордың шектеулілігі және т.б. еңсеруге бағытталған. Зерттеу жұмысында осы әдістердің тиімділігі мен педагогикалық практикадағы маңызы қарастырылады. Оқытудағы кіріктірілген пәндік-тілдік тәсіл (CLIL), лексикалық тұрғыдан бай және жобалық жұмыс түрлерімен үйлесуі студенттердің шет тілінде сөйлеу барысында еркіндігін, сенімділігін және мотивациясын едәуір арттыратыны көрсетілген. Атап айтқанда, CLIL тәсілінің жобалық жұмыс пен лексикалық бай мазмұнмен үйлесуі студенттердің сөйлеу еркіндігін, сенімділігін және мотивациясын арттыратынына қатысты ғылыми еңбектер мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері шолу негізінде талданады. Мақалада ұсынылған деректер мен тұжырымдар әдістемелік тәжірибемен қатар осы саладағы ғылыми көзқарастар мен зерттеу нәтижелерін жинақтауға бағытталған. Қорытынды бөлімде сөйлеу дағдыларын дамытуда түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде қолданудың маңыздылығы атап өтіліп, жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісін жетілдіру үшін ғылыми негізделген әдістемелік ұстанымдарға сүйену қажеттігі туралы жалпы ұсыныстар беріледі.