ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2024.87.3.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Берілген мақалада қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-ғылыми әдебиеттерде толығымен зерттелмеген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың ұйымдастыру құрылымдары мен әдістерінің мәселелері қарастырылады. Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың ұйымдастыру құрылымдарының түсінігі мен мазмұны, әлеуметтік-саяси үдерістерді басқару әдістерінің мәселелері, республикадағы әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың ұйымдастыру құрылымдары мен әдістерінің проблемалары және оларды шешу жолдарына бұл мақалада ерекше орын берілген. Мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың алуан түрлі мәселелерінің ішінде ең алдымен ғылыми әдебиеттерде толығымен зерттелмеген әлеуметтанулық мәселелерді қарастыру абзал екендігі туралы жазылған. Бұл әсіресе жаңа қазақстандық басқарудың теориясы мен тәжірибесіне, қоғамдық даму жолдарын анықтауға, халықтың әл-ауқатының өсуіне айтарлықтай қызығушылық тудырады. Әлеуметтік-саяси үдерістерді басқару өзінің құрылымы бойынша саясатты басқару және әлеуметтік үдерістерді басқару органдарынан тұрады. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси үдерістерді басқару органдарына ең алдымен мемлекеттік аппарат, әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен мәдени-ағартушылық мекемелер жататыны орынды жатады. Бұл бағытта әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың негізгі қызметін осы органдар атқарады. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси үдерістерді басқарудың басты бағыты — бұл басқару жүйесіне сәйкес және оның мәнімен анықталатын басқару аппараттарына тән іс-әрекеттердің жиынтығы. Мақалада дискуссиялық мәселелерге де назар аударылған.