ҚАЗІРГІ АЙТЫСТАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ (Мақсат Ақанов айтыстары негізінде)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.2-10
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілерінің бірі – ақындар айтысының бүгінгі үлгілері туралы сөз қозғалады. Қазіргі таңда айтыс өнері жаңа мазмұнда, жаңа бағытта дамып, жылдам өзгеріп заманның талабынан шығып қарыштап жаңаша сипат алған. Осыған орай суырыпсалмалық өнердің дамуына серпін беріп, оның өрісін кеңейтуге атсалысып жүрген айтыскер ақындар шоғыры қалыптасқаны белгілі. Мақалада осындай дарынды ақындардың бірі, қыз бен жігіт айтысының шебері, сал-серілік дәстүрді жалғастырушы – Мақсат Ақановтың айтыстары басты назарға алынып отыр. Еліміздің әр аймағында түрлі атаулы күндер мен тұлғаларға, мерейтойларға байланысты республика көлемінде ұйымдастырылған айтыстарда өнердің үздік үлгісін көрсетіп, өзіндік сөз құрау, қайталанбас арқа дәстүрін жалғаған мақамымен халық назарын жаулаған Мақсат Ақановтың айтыскерлік өнерін талдау басты мақсатымызға айналды. Айтыскер ақынның айтыстың көрнекті үлгісі – қыз бен жігіт айтысын дамытуға қосқан үлесін Айнұр Тұрсынбаевамен, Жансая Мусинамен, Әсем Ережеқызымен, Жұлдызай Маратбековамен, Жамайка Токоновамен айтыстарынан байқаймыз. Мақсат Ақанов айтыс өнеріндегі өзіндік даралығын сөз құрау шеберлігі, сахналық мәдениеті, сазды мақамы арқылы дәлелдеп отыр. Көпшілікті ұлттық рухпен сусындатуды мақсат еткен, елдік, ерлік, бірлік жайлы, келер ұрпақтың тәрбиесі қозғалған сөз сайыстарын талдап насихаттау мақаланың басты мақсаты болып табылады.