УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУЫНДА ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ РӨЛІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/yjuz8779
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің тұлғалық даму процесіндегі эмоционалдық интеллекттің маңыздылығы қарастырылған. Өзінің эмоцияларын, сондай-ақ басқалардың эмоцияларын тану, талдау және бақылау қабілетін білдіретін эмоционалдық интеллект коммуникациялық дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді және стресстік жағдайларға қарсы тұруды дамытуға айтарлықтай эмоционалдық интеллект әсер етеді. Зерттеу жұмысында студенттердің білім беру ортасының талаптарына ойдағыдай бейімделуінде эмоционалдық интеллектінің дамуы басты рөл атқаратынына бұл мақалада назар аударылады. Бұл олардың мотивациясы мен оқу үлгерімін арттыруға ғана емес, сонымен қатар тиімді оқу және кәсіби өсу үшін қажетті тұрақты өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Эмоционалды интеллект (ЭИ) студенттердің жеке тұлғасын дамытуда маңызды рөл атқарады, олардың әлеуметтік, эмоционалдық және кәсіби дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Жұмыста эмоционалдық интеллект деңгейі мен тұлғалық және кәсіби өсу табыстары арасындағы байланысты көрсететін университет студенттері арасында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларына эмоционалдық құзыреттілікті дамытуға бағытталған іс-шараларды енгізу қажеттілігін көрсетеді. Мақала педагогтарға, психологтарға, білім беру ұйымдарының басшыларына және жеке тұлғаны дамыту және студенттердің оқуының тиімділігін арттыру мәселелеріне қызығушылық танытқан зерттеушілерге арналған. Кілттік сөздер: студент, эмоционалды интеллект, көшбасшылық, интеллект, когнитивті қабілеттер, эмоция, түрткі.