ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРҒА ШОЛУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259223
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақстандық ғалымдардың толеранттылық тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеулеріне шолу жасалды. Қазақстандағы толеранттылықты зерттеудің білім беру, құқықтық, мәдени, саяси, діни салалардағы ерекшеліктері және түрлі әдіснамалық тәсілдері талданды. Қазақстан Республикасының Білім және жоғары ғылым министірлігінің Ғылым Комитетінің ұсынған тізімдеріндегі гуманитарлық саланың журналдарындағы мақалаларға сапалы талдау жасау арқылы ғылыми нәтижелер алынды. Осы зерттеу әдісіне сүйене отырып, біз келесі сұрақтарға жауап беруге тырыстық: қазақстандық ғалымдар толеранттылық ұғымына қандай анықтама береді? Қазақстандық ғалымдар толеранттылықты зерттеуде қандай әдістерге сүйенеді? Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы білімнің рөлі қандай? Мақалаларда толеранттылықты насихаттауға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламалар пен құқықтық құжаттар талқыланады және олардың тиімділігі қандай? Жарияланымдарды талдау кейбір терминологиялық жіктеу жүргізуге және қазақстандық ғалымдарға келешекте зерттеу міндеттерін тұжырымдауға септесетін негізгі басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, аталған жарияланымдарды талдау қазақстандық ғылымның осы бағыттағы зерттелмеген мәселелерін айқындады. Түйін сөздер: толеранттылық, құндылық, жаһандану, мемлекет, мәдениет, ұлттық бірегейлік.