Әлеуметтік танымдағы «ниет» эпистемасы: Этикасофиялық интерпретация

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259222
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада қазақ қоғамындағы «Ниет» концепті философиялық және әлеуметтік тұрғыдан ғылыми талдауға түседі. Мақалада «ниет» ұғымының қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы рөліне тоқталып, оның адам болмысының тазалығы мен моральдық құндылықтардың көрсеткіші екені алға тартылады. Сонымен қатар, «ниет» эпистемасы ұлттық мәдениеттің, философияның және этиканың негізін құрайтыны дәйектеледі. Мақалада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты пікірлері негізге алынып, мемлекеттік реформалар мен қоғамның дамуы «ниет» ұғымымен тығыз байланысты екені көрсетілген. Сондай-ақ, «ниет» ұғымының моральдық және рухани өмірдегі маңыздылығы, оның адам әрекетінің мотиваторлық рөлі талқыға түседі. Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы «ниет» концептісі де қарастырылып, оның әділдік пен адалдықтың негізі ретіндегі мәнін ашуға талпыныс жасалады. Абай, Шәкәрім, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йассауи сияқты ойшылдардың шығармаларына сілтеме жасалып, ниеттің адамның ішкі жан дүниесімен және қоғамдық өмірімен байланысы талқыға түседі. Зерттеуде ниеттің позитивті және негативті түрлері ажыратылып, оның қоғамның дамуы мен тұрақтылығына әсер ететін негізгі фактор екені дәйектеледі. Исламдық көзқарас тұрғысынан да ниет мәселесі талданып, оның рухани және діни өмірдегі орны қарастырылады. Мақала қорытындысында «ниет» ұғымының әлеуметтік, мәдени және философиялық маңыздылығы кеңінен талданып, оның қазіргі қоғамдағы өзектілігі көрсетіледі. Түйін сөздер: Қазақ дүниетанымы, ниет, мораль және этика, қоғамдық сана, рухани құндылықтар, қоғамдық даму, президент реформалары.