Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығы білім беру жүйесін жетілдіру ресурсы ретінде

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258323
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоғары кәсіби даму контекстінде цифрлық сауаттылық ұғымына қатысты ғылыми көзқарастарға теориялық талдау жасалған. Білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың кеңінен енгізілуіне байланысты болашақ педагог-психолог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша өңірлік жүйені жаңарту қажеттілігі негізделеді. Зерттеу барысында педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға және білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне цифрлық білім беру технологияларын енгізуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер айқындалды. Зерттеуге Алматы қаласындағы педагогика және психология мамандығы бойынша білім алып жатқан 150 студент қатысты. Жоғары оқу орындары түрлі бағыттағы мамандарды дайындайды, олардың негізгі жұмыс құралдары – компьютерлер мен портативті құрылғылар. Сондықтан болашақ мамандар тек ақпараттық технологиялар саласындағы дағдылармен ғана шектелмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз идеяларын нақты жеткізе білуі, сондай-ақ цифрлық репутацияны қалыптастырып, оны тиімді басқара алуы тиіс. Мақалада «цифрлық мәдениет» жағдайындағы адамның мобильділігі мен бейімделу қабілеті жоғары цифрлық сауаттылықпен тығыз байланысты екендігі дәлелденеді. Ағылшын тілді авторлардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, цифрлық сауаттылықтың құрылымы мен оның негізгі компоненттері сипатталады. Зерттеу нәтижелері цифрлық сауаттылық болашақ педагог-психологтардың табысты кәсіби қалыптасуына ықпал ететін маңызды фактор екенін көрсетеді. Түйін сөздер: цифрлық сауаттылық, цифрлық ресурстар, цифрлық контент, цифрлық құзыреттіліктер, цифрлық дағдылар, білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру үдерістерінің цифрлық трансформациясы, цифрлық білім беру ортасы.