БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК НЕГІЗДЕУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.90.2.022
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін білім беру робототехникасын оқытуға дайындауға бағытталған авторлық әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент арқылы тексерудің нәтижелері ұсынылған. Дайындалған жүйе жобалық оқыту тәсілін, электронды курсты және студенттердің оқу жобаларын орындау мен әдістемелік портфолио жүргізу арқылы практикалық дайындығын қамтиды. Экспериментке педагогикалық жоғары оқу орнының студенттері қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Екі топ та дайындықтан және педагогикалық тәжірибеден өту барысында мектеп оқушыларына робототехниканың негіздерін үйретті.Эксперименттен кейін жүргізілген диагностика студенттердің әдістемелік дайындық деңгейі мен оқушылардың робототехниканы меңгеру деңгейін бағалауды қамтыды. Талдау үшін деңгейлік көрсеткіштер, орташа баллдар және Пирсонның χ² критерийі қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтың жоғары деңгейге жеткенін, ал олардың оқушылары қорытынды жобаларда жақсы нәтижелер көрсеткенін дәлелдеді. Алынған мәліметтер ұсынылған жүйенің тиімділігін растайды және оны цифрлық және инженерлік бағыттағы педагогтерді даярлау білім бағдарламаларына енгізуге ұсынуға мүмкіндік береді.