Аннотация
Зерттеудің негізгі мақсаты, әлемде азық-түлікпен қамтамасыз етудегі шешуші рөл атқаратын өсімдіктердің ауруларын машиналық оқыту және терең оқыту сияқты озық технологияларының көмегімен ерте анықтау болып табылады. Бұл мақалада өсімдік ауруларын анықтау үшін машиналық оқыту мен терең оқыту әдістерін қолданудың соңғы жетістіктері қарастырылған. Зерттеу барысында, 2012-2023 жылдар аралығындағы ғылыми басылымдарғабаса назар аударылып, жүргізілген тәжірибелердің дәлдігі мен тиімділігін арттыру үшін, ұсынылған әдістерді қолданудың тиімділігі көрсетілген. Ұсынылған жұмыста, деректердің қолжетімділігіне, бейне сапасына, сондай-ақ дені сау және ауру өсімдіктер арасындағы дифференциацияға қатысты мәселелері секілді, өсімдіктер ауруларын анықтау үшін, машиналық оқыту және терең оқыту алгоритмдері пайдаланылды. Өсімдік ауруларын анықтау бойынша нейрондық желілерін оқыту алма, картоп және қызанақ жемістері бойынша жинақталған деректерге жүргізілді. Зерртеу нәтижесінде,11 қабатты нейрондық желі 98% дәлдік көрсетті.