Аннотация
Цифрландыру мен технологияларды интеграциялауды арттыру жағдайында мемлекеттік маңызды инфрақұрылымды киберқауіптерден қорғау басты міндетке айналды. Мұндай нысандарға жасалған кибершабуылдар экономикаға, ұлттық қауіпсіздікке және азаматтардың әл-ауқатына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл мақалада мемлекеттік маңызды инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін бағалаудың заманауи әдістері, соның ішінде тәуекелдерді талдауға, қауіптерді модельдеуге, Байес желілерін пайдалануға, сценарийлік талдауға және гибридтік әдістерге негізделген дәстүрлі және инновациялық тәсілдер қарастырылады. Осы тақырып бойынша соңғы бесжылдықтағы ғылыми зерттеулерге шолу жүргізіліп, негізгі тенденциялар мен қолданыстағы тәсілдердің шектеулері анықталды. Әртүрлі салалар үшін бағалау әдістерінбейімдеу және киберқауіпсіздікті қауіпсіздіктің дәстүрлі тәсілдерімен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылады. Мақала киберқауіпсіздікті бағалаудың жаңа әдістерін әзірлеумен, жетілдірумен айналысатын киберқауіпсіздік мамандары мен зерттеушілерге арналған.