Орта мектепте информатика пәнін оқытуда виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын қолдану жағдайы

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-93-103
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім беруде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану білім сапасын дамытуға ықпал ететіні дәйектелген. Қазіргі таңда дамып келе жатқан виртуалды шынайылық және жасанды интеллект технологиялары білім саласын айтарлықтай өзгеріске ұшыратуда. Бұл мақалада Қазақстандық педагогтердің орта білім беру ұйымдарында виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын қолдану тәжірибесі қарастырылды. Зерттеу аталған заманауи технологияларды информатика пәні педагогтерінің қолдану жағдайын зерделеу мақсатында жүргізілді. Осы мақсатқа жету үшін авторлар әлеуметтік сауалнама әдісін қолданды. Сауалнамаға Алматы, Астана, Шымкент қалаларының информатика пәні педагогтері қатысты. Зерттеу нәтижелері виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын орта білімде қолдануды кеңейту үшін педагогтердің біліктілігін арттырудың өзектілігін және ресурстармен қамтамасыз етуді қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Жалпы, алынған нәтижелер білім саласындағы зерттеушілер мен уәкілетті органдар үшін маңызды ақпарат ұсынады.