Білім теңсіздігі және мектепті дамыту саясаты: библиометриялық талдау (2014-2024)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-21-33
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада 2014–2024 жылдар аралығында мектепті дамыту және білім теңсіздігін азайту мәселелері бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулерге библиометриялық талдау ұсынылады. Зерттеу Scopus дерекқорының 2017 ғылыми жарияланымына сүйене отырып, VOSviewer бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Негізгі назар жарияланым белсенділігіне, жетекші журналдар мен авторларға, зерттеу желілеріне және жиі кездесетін тақырыптық бағыттарға аударылды. Нәтижелер бұл салада әсіресе 2020 жылдан кейін айтарлықтай ғылыми серпіліс байқалғанын көрсетті. Білім беру көшбасшылығы, мұғалімдердің кәсіби дамуы, әлеуметтік әділеттілік пен мектеп ішіндегі қолайлы орта тақырыптары басым болды. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Аустралия елдері ғылыми өнімділік бойынша көш бастап тұр. Сонымен қатар мақалада «мақсатты мектептер» жобасы аясында Қазақстанда халықаралық тәжірибелерді бейімдеу жолдары қарастырылып, білім беру саясатына ғылыми негізделген, деректерге сүйенетін тәсілдер енгізудің маңыздылығы көрсетіледі.