Жайық-Каспий су шаруашылығы алабының өзен ағынды ресурстарының аумақтық таралу заңдылықтары

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6771-2025-151-2-183-196
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Гидрологиялық тұрғыдан қарағанда, Жайық-Каспий су шаруашылығы алабы аз зерттелген аудандар катарына жатады. Зерттеу ауданы гидрологиялық бекеттердегі бақылаулардың қысқа мерзімділігі мен олардың аумақ бойынша біркелкі орналаспауымен сипатталады. Гидробекеттердің жартысында бақылау деректері 10 жылға дейін құраса, үштен бір бөлігінде 5 жылдан аспайды. Сонымен қатар, алапта зерттелмеген шағын өзендер мен зерттелген өзендердің салалары болып табылмайтын сайлар көптеп кездеседі. Бұл жағдайда, өзендер режимі туралы ақпарат тек екі-үш жылдық бақылаулар арқылы берілген немесе мүлдем болмағандықтан, аз зерттелген және зерттелмеген өзендердің ағынды нормасын есептеу - гидрологиялық есептеулер тәжірибесіндегі ең күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Жайық-Каспий алабының аз зерттелген және мүлдем зерттелмеген өзендерінің ағынды нормасын анықтау үшін мақалада ағынды модулінің су жинау ауданына байланысты аймақтық тәуелділігі M0=f(F) пайдаланылды. Нәтижесінде, су шаруашылығы алабының гидрологиялық біртекті аудандарын сипаттайтын сегіз аймақтық қисықтары тұрғызылды. Өзен ағынды ресурстарының аумақтық таралу заңдылықтарын зерттеу нәтижелері алаптың ағынды модулі картасын құрастыруға мүмкіндік берді. Ағынды картасының изосызықтары 0,1-3,0 л/с×км² аралығында жүргізілді. Жалпы, ағынды модулінің таралуы климаттық сипаттамалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай аймақтық өзгеруіне сәйкес келеді, сонымен қатар жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескереді. Алынған нәтижелер бақылаулармен қамтылмаған өзендер үшін ағынды нормасын есептеуге, суды пайдалануды жоспарлауға, экологиялық стандарттарды әзірлеуге және өзгермелі климат жағдайында су шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге негіз болады. Зерттеу нәтижелері жоғары практикалық маңыздылыққа ие және гидрологиялық есептеулерде, су объектілерін жобалауда және аймақтық су саясатын қалыптастыруда қолдануға ұсынылуы мүмкін.