Қазақстан Республикасында экологиялық қонақ үйлерді дамыту

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2025-2-329-349
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстанда экологиялық қонақ үйлерді дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мақалада жасыл қонақ үйлердің мәні, даму тарихы және экономикалық функциялары қарастырылады, елдегі эко қонақ үйлердің қазіргі жағдайының статистикасы талданды. Экологиялық қонақ үйлерді дамыту бойынша шетелдік тәжірибелар сараланды, республикада бар эко қонақ үйлердің қызметіне салыстырмалы талдау жасалды. Қазақстан өңірлерінде өздерін туристік экологиялық орналастыру орындары ретінде көрсететін қонақ үйлер қызметтерінің көлеміне талдау жүргізілді, олардың халықаралық стандарттар көрсеткіштеріне негізгі сәйкессіздіктері анықталды. Қазақстандағы экологиялық туризм және эко қонақ үй бизнесі саласындағы кәсіпкерлік қызметтің кеш қалыптасуы аясында оның даму перспективалары қарастырылды. Заңнамалық нормалар мен эко таңбалау жүйесінің жеткіліксіз дамуы мен, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, еліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін бірегей және мамандандырылған эко қонақ үйлерге арналған стандарт жобасы әзірленді. Берілген ұсыныстар заманауи туристік экономиканы дамытуға, шетелдік туристерді тартуға, сондай-ақ экологиялық таза, органикалық және экономикалық тиімді өнімдер мен қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған. Экологиялық туризмге инвестициялар халықтың денсаулығын нығайтуға, экологиялық білім беруді дамытуға, сондай-ақ өңірлік және ұлттық экономикаға оң әсер етеді. Сондықтан, осы саланы дамыту, мемлекеттік қолдау және инвестициялар тарту мәселелері еліміздегі туристік және қонақ үй саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі шарттары ретінде қарастырылды.