МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «СҮЙЕМІН» ӨЛЕҢІНІҢ ЛИНГВОПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.2.77.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңінің лингвопоэтикасы (көркемдік-бейнелеуіш құралдар, мәдени лексика, өлеңнің сыртқы формасы) және оның орыс, ағылшын тілдеріне аударылу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары – поэзияның аудармасы әрдайым аударманың жеке санатына жатады, өйткені поэзия жанр ретінде өзіне тән сипатына байланысты аудармашының ерекше назарын қажет етеді. Поэтикалық мәтіннің ерекшелігі оның мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне де, ол жазылған тілдің құрылымдық ерекшеліктеріне де байланысты. Сол себепті зерттеу жұмысының мақсатыМағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңінің негізінде қазақ тілінен орыс, ағылшын тілдеріне поэзия аудармасын жасаудың мазмұндық-құрылымдық трансформацияларын, заңдылықтарын анықтау және тұжырымдау болып табылады. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – мақалада поэтикалық аудармада ықтимал аударма мәселелеріне қатысты ғалымдардың ой-тұжырымдары жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеудің теориялық құндылығын құрайды. Орыс тіліндегі екі аударма нұсқасын түпнұсқамен салыстыра отырып талдап, авторлар ағылшын тіліндегі аударманың өзіндік нұсқасын ұсынады және бұл жұмыстың практикалық құндылығын көрсетеді.