THE RECIPE FOR THE PRODUCTION OF SAUSAGESENRICHED WITH MILLET BRAN AND OATMEAL «TARY»

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/spye3356
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ет өніміне тары талқаны мен кебегін қосу арқылы ұсынылатын рецептура бойынша шығарылған шұжық өнімдерінің сапасын сипаттайтын қасиеттері зерттелді. Жартылай ысталған шұжықтарды тары талқаны мен кебегімен байытылған дәрумендерге бай, жоғары сапалы ет өнімін алу мүмкіндігі анықталды. Шұжық өнімдеріне 5%, 7% тары талқаны және 5%, 7% тары кебегі қосылып жаңа технология бойынша шұжық жасалынып, олардың органолептикалық, физико-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштері және сақтау мерзімі зерттелді. Денсаулыққа пайдалы 5%, 7% тары талқаны, майлылығы аз диеталық 5% тары кебегі қосылған шұжыққа қарағанда 7% тары кебегі қосылған шұжықтың ылғалдылығы ең төмен. Вакуумсыз және қоспасыз жағдайында өндірілген шұжықтардын жарамдылық мерзімі 13 тәулік болып табылады. Микробиологиялық талдау нәтижесінде жартылай ысталған шұжық өнімдерінде бөтен микроағзалар жоғын көрсетті. Органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері бойынша шұжық өнімдері МЕМСТ стандарттарына сай келеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы адам ағзасына пайдалы шұжық өнімдерін өндіруде, ал шұжық құрамына тары талқаны мен кебегін қосу арқылы шұжық өнімдерінің шығымын арттырады, бұл азық-түлік өндірісте шұжықты өндірудің экономикалық тиімділігін көрсетеді.