Тілді оқытудағы «тірі білім» ілімінің қағидалары: отандық және әлемдік ғылым тоғысында

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025198218
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясының Адам мен Ғалам байланысын танытудағы маңызы мен оның қазіргі білім беру үдерісіндегі танымдық-педагогикалық әлеуеті зерделенеді. Ақымет Байтұрсынұлы теориясындағы «мәніс білім» мен «әдіс білім» – рухани-интеллектуалдық дамудың өзекті ұғымдары. Осы ұғымдар негізінде білімнің өмірмен, адамның ішкі болмысымен және таным табиғатымен тығыз байланысы айқындалып, оларды қазіргі ғылыми парадигмалармен сабақтастыру қажеттігі туындайды. С. Хокинг, Р. Фейнман, Е. Франк секілді ғалымдардың астрофизика, нейробиология, кванттық физика әлеміндегі жаңалықтарының түпкі негіздері мен Ақымет Байтұрсынұлы негіздеген теориялық концепцияның ортақ байламдары түсіндіріледі. Осы теорияларға сүйене отырып, бүгінгі білім беру жүйесінде, оның ішінде қазақ тілін оқыту үдерісіндегі Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясын жүзеге асыру жолдары талдауға алынды. Одан кейінгі мәселелер әлем ғалымдарының «Тірі білім» теориясына қатысты тұжырымдарымен байланысты сөз етіледі. Абай мен әл-Фараби қағидалары «Ілім – Ғылым – Білім» сабақтастығында қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – «Тірі білім» теориясының мазмұнын қазіргі заманғы ғылыми парадигмалар аясында қайта пайымдау және оның адам мен ғалам арасындағы танымдық тұтастықты негіздейтін гносеологиялық әлеуетін анықтау. Содай-ақ қазіргі білім беру жүйесінде, әсіресе қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуда тиімді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін ұсыну. Зерттеу нәтижесінде Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» ілімі – тек өткеннің мұрасы емес, қазіргі заман білімінің философиялық, психологиялық және әдістемелік тұғырын айқындайтын концептуалдық бағдар екені дәлелденеді. Түйін сөздер: білім жүйесі, «тірі білім» ілімі, заманауи ғылым, дүниетаным, «мәніс білім», «әдіс білім».