Қазақстан жастарының тілдік репертуары

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519825
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Қазақстан жастарының тілдік репертуарын зерттеуге арналған. Көптілді мемлекетте туып, білім алып жатқан жастардың тілдік репертуарын қарастыру зерттеу жұмысының мақсатын құрайды. Жастардың тілдік репертуары басқа әлеуметтік топтардың тілдік ресурстарына қарағанда спецификалық ерекшеліктерге толы. Олардың тілдік репертуарының қалыптасып дамуында мемлекеттік деңгейдегі тілдік мәселелер маңызды рөл атқарады. Сондықтан зерттеу жұмысында еліміздің тілдік саясаты мен тілдік жағдаятына шолу жасалады. Зерттеу барсында байқау әдісінің көмегімен жастардың тілдік ресурстарының алуантүрлілігі олардың сөйлеуінде тілдердің жиі араластырылып қолданылуына әкеледі деген болжам жасалды. Сауалнама әдісінің көмегімен жастардың ана тілін және шет тілдерін меңгеруі туралы деректер жиналды. Жастардың тілдерді араластырып сөйлеу, кірме сөздер мен сленгтерді қолдануға деген көзқарастары талданды. Зерттеу материалдары қазақстандық жастардың үш және одан көп тілдерді меңгергендігі және сол тілдерді жарыспалы сипатта пайдаланудан туындайтын лингвистикалық феномендер туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тілдік қатынастар теориясын, қостілділік, көптілік мәселелерін зерттеуде және шеттілдік білім беру мен білім алушылардың тілдік репертуарының байланысын зерделеуде қажет. Мақалада жастар тіліндегі креолизация, код ауыстыру, гибридті сөзқолданыс құбылыстары нақты мысалдармен сипатталады. Осы арқылы зерттеу қазіргі жастар тілі мен қоғам арасындағы күрделі тілдік өзара әрекеттестікті ашып көрсетуге бағытталған. Түйін сөздер: тілдік репертуар, лингвистикалық репертуар, жастар тілі, тілдік алуантүрлілік.