Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы этномәдени бірліктердің репрезентациясы

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519824
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдениетін, тыныс-тіршілігін білдіретін, рухан мәдениетін танытушы этномәдени бірліктерді зерттеу өзекті мәселе. Қазіргі цифрландыру кезеңінде өмір сүрып жатқан жас ұрпаққа этномәдени бірліктердің мән-мағынасын жеткізуші ұлттық корпустың құрылуы тіліміздің дамуына өз үлесін қосады. Осы бағытта, зерттеу нысаны – қазақ тілінің ұлттық корпусындағы этномәдени бірліктер таңдалып алынды. Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы этономәдени бірліктер жүйесіндегі заттық мәндегі мәдени атаулар репрезентациясына құрылымдық-семантикалық талдау жасау аса өзекті мәселе. Зерттеудің мақсаты – ұлттық корпустағы этномәдени бірліктердің репрезентациясын талдау арқылы заттық мәндегі тұрмыстық реалиялардың мағынасын ажыратушы ұлттық дүниетаным мен ұлттық болмыстың көрінісіне сипаттама беру. Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы заттық мәндегі ұлттық мәдени бірліктердің сандық-сапалық көрінісіне талдау жасалып, ұлттық корпусқа этномәдени бірліктерді енгізудің жолдары мен әдістері сипатталады. Ұлттық корпусқа этномәдени бірліктерді енгізуде модельдеу, кодтау, алгоритмдік-программалық тәсілдердің қолданысына сипаттама берілді. Ұлттық корпус базасын құрудағы заттық мәндегі этномәдени бірліктердің жинақталуы мен олардың репрезентациясын талдау негізінде реалиялардың лингвомәдени-семантикалық, сөзжасамдық топтары жіктеліп, топтасу принциптері анықталды. Зерттеудің практикалық нәтижелерін қазақ тілінің ұлттық корпусының базасында этномәдени бірліктерді жинақтауда, олардың лексикалық, сөзжасамдық, семантикалық белгіленімдерін енгізуде тіл мамандары мен лексикографтарға қолдануға мүмкіндік бар. Түйін сөздер: қазақ тілі, ұлттық корпус, этномәдени бірліктер, сөзжасам, белгі-код, этномәдени талдау, лексика-семантикалық талдау.